ОРТА

lat: ORTA /75/

зат. 1 . Бөлме, қора, шеңбер сияқты жан-жағы қоршалған нәрсенің дәл орта нүктесі .

Бөлменің ортасына адалбақан орнатып қойыпты (4,182).

Төңірегі толған тау-тау астық,

Ортасында күрек ұстап өзі тұр (4,188).


2 . Екі заттың арасы, қақ ортасы .

Жүріп келем таулардың ортасында ,

Сан ғаламат үрей тұр шор тасында.

Сан салалы сай-жыра қойнына алды,

Сорлай ма екен?! Батырлар, қорқасың ба?! (2,274).

Өмір деген осынау майданда бұл,

Қолбасы да, қорқақ та сайрандап жүр.

Өмір менен өлімнің ортасында,

Кетер ме екен келе алмай байламға бір?! (2,142).


3 . Екі адамның аралық қарым-қатынасы .

От тастаған ортаға ойран қолсың,

Абыройың төгіліп айран болсын!

Атақ үшін алысқан сендейлерге,

Ақыл менен парасат қайдан қонсын (3,90).

Зілдей төзімділікпен сәтті бір уақытты күтіп жүргенде, ортаға Манас килігіп, оның сыбығасын төгіп кеткен-ді (4,153).


4 . Қоғамдағы бірге өмір сүріп жатқан адамдардың арасы .

Түнге қарай, Түйсік салып, Түрткілейді үрейім.

Таң атқанша не болады?! (Оны қайдан білейін).

Бүкіл адам баласына тек жақсылық тілейін.

Ортасында солардың мен, Ойнап-күліп жүрейін (3,96).

Деп бір кетсін әзірге Маржанымыз,

Ортасында үш қыздың ардағымыз.

Маржан күлсе, күлкі боп жан-жағымыз,

Алмағайып долданып, ашуланса,

Үн шығармай, амал не, қорғаныңыз (3,64).


5 . ауыс. тарих. Ұжымшар меншігі, қоғам игілігі (байлығы).

–Қиыр Сібір айдатам, тәрік қылам деп қорқытып тағы алдың, ендігі істеп отырғандарың әлгі (4,175).